Бүгінде діни білім алуға ниетті жастардың саны жылдан-жылға артып келеді. Алайда қолданыстағы ғимарат барлық шәкіртті қабылдауға мүмкіндік бермейді. 200 балаға арналған жаңа медресе шәкірттердің жайлы жағдайда білім алуына, заманауи оқу кабинеттерінде, кітапханада және жатақханада толыққанды тәлім алуына жол ашады.
Неге жаңа ғимарат ауадай қажет?
Медресе бұл – жүздеген шәкірттің білім алып, рухани кемелденетін қасиетті ордасы. Осында тәрбиеленген әрбір шәкірттің алған ілімі, оқыған Құраны, жасаған игі ісі осы медресенің салынуына үлес қосқан жандардың сауап дәптеріне жазылады. Сіздің қолдауыңыз – 200 баланың жарқын болашағына қосылған үлес.
Медреседе шәкірттер Құран, хадис, фиқһ және ислам ғылымдарымен қатар заманауи білімді де меңгереді. Осында тәрбиеленген жастар ертең елге қызмет етіп, қоғамның рухани тірегіне айналады. 200 шәкіртке арналған жаңа медресе – білімді, иманды әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеудің берік негізі.
Білім жемісі – Ұлт игілігі